Абыройлы еңбекке – лайықты құрмет

«Qamqor» Ақтөбе денсаулық сақтау кәсіподағы № 1 қалалық емхананың бас дәрігері Гүлжанат Лепесованы 60 жас мерейтойымен құттықтады.


Гүлжанат Лепесова денсаулық сақтау жүйесін дамытуда ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, заман талабына сай инновациялық тәсілмен жоғары деңгейге жеткізген білгір маман ретінде танылды. Кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан қомақты үлесі зор.


Сонымен қатар көпсалалы облыстық балалар ауруханасының бас дәрігердің орынбасары Гүлнар Мамбетжановаға құрметті еңбек демалысқа шығуына орай құрмет көрсетілді. Ол еңбек жолын дәрігер қызметінен бастап еңбек сүйгіштік, білімге деген құштарлық, күш-жігеріңіздің арқасында Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары лауазымында көп жылдар бойы атқарды . Мол тәжірибесі бар білікті басшы.


Шарада медицина қызметкерлерінің ерен еңбектері еленіп, жылы лебіздер айтылып, «Qamqor» Ақтөбе денсаулық сақтау кәсіподағы атынан алғыс хат, гүл шоқтары, бағалы сыйлықтар табысталды.