Кәсіподақ «Үздік әлеуметтік әріптес» халықаралық байқау конкурсының жеңімпазын марапаттады

Ақтөбедегі «Қазхром» ТҰК АҚ Бас директоры Сергей Прокопьев  Орталық Азия елдерінің кәсіподақтары кеңесі арасындағы байқауда жұмысшыларға жасап отырған әлеуметтік қолдаулары нәтижесінде үздік деп танылды. Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Алтынбек Әмірғалиев    әлеуметтік әріптеске халықаралық байқау-конкурстың дипломы мен естелік сыйлық табыс етті.

Тәжікстанда Орталық Азия елдері кәсіподақтар кеңесінің 5-ші отырысында Орталық Азия елдері арасында “Үздік әлеуметтік әріптес” атағына конкурс өткізу туралы мәселе қаралған болатын.  Орталық Азия елдері кәсіподақтар кеңесінің 6-шы отырысы аясында “Үздік әлеуметтік әріптес”халықаралық байқау-конкурсының қорытындысы шығарылды.

Конкурстық комиссияның шешімі бойынша ” Қазхром “ТҰК “АҚ Бас директоры Сергей  Прокопьев Орталық Азия елдерінің кәсіподақтар кеңесі ұйымдарының арасында жеңімпаз болып танылған.

« Біз Казром компаниясы кәсіподағымен тығыз байланыста жұмыс жасаймыз. Жұмысшылардың   өндірісте алаңсыз еңбек етуіне жағдай жасау – басты парызымыз»,деп атап өтті  Ақтөбе облыстық кәсіподақ орталығының төрағасы А. Әмірғалиев.

Қазіргі таңда Ақтөбе ферроқорытпа  зауытында 4200 астам кәсіподақ ұйымының өкілдері жұмыс істейді. Әлеуметтік жағдайды жақсарту мақсатында жұмыскерлердің мүддесі үшін ұжымдық шарт жұмыс істейді. Өткен жылы ұжымдық шартқа толықтырулар мен өзгерістер енгізілген.

“Спорт жұлдыздары” журналының бас редакторы Мусағали Тасқалиев Сергей Прокопьевке Қазақ Спорт және туризм академиясы атынан “Үздік ұлттық спорт жанашыры -2024” номинациясының жеңімпазы сертификаты мен статуэткасын табыс етті.

Сергей Прокопьев  өз кезегінде ҚР Кәсіподақтар Федерациясына, көрсеткен құрметке ризашылығын білдірді. Және өзінің балалық шағы Тараз қаласында,  қазақ балаларымен бірге асық ойнап өткенін айтып өтті. Сонымен қатар алдағы уақытта асық ату спортын дамытуға өз үлесін қоса беретіндігін де жеткізді.