2025 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Нұржан Әшімбетов, Жарқынбек Амантай, Вера Ким, сондай-ақ Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов «ERG Service» ЖШС құрамына кіретін Павлодар машина жасау зауыты қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Сондай-ақ бұл кездесуге облыстық мәслихат депутаты, «Еңбек» депутаттық тобының жетекшісі, «QAZAQMETAL KASIPODAGY» Қазақстандық салалық тау-кен металлургия кәсіподағы» ҚБ төрағасының орынбасары Раушан Даумова да қатысты.
Сапар барысында депутаттар зауыт ұжымымен кездесті, онда еңбек жағдайларын жақсарту және өндірісті жаңғырту мәселелері талқыланды.
Кәсіпорында Марғұлан Серіковтың төрағалығымен бастауыш кәсіподақ ұйымы белсенді жұмыс істейді. Оның жұмысының негізгі бағыттарына әлеуметтік әріптестікті дамыту, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қоғамдық бақылау, сондай-ақ жұмысшылардың құқықтарын қорғау кіреді.
Кәсіпорынды «Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық конкурсының лауреаты деп танылған. Бұл әлеуметтік әріптестіктің табысты мысалы десек, артық болмас.
Бұл кездесу 2025 жылы жарияланған Жұмысшы мамандықтарының жылына арналған іс-шаралардың бір бөлігі болды, ол жұмысшылардың жұмысына назар аударуға, олардың жұмыс жағдайларын жақсартуға және өндірістік кәсіптердің беделін арттыруға бағытталған.