Еңбек адамының мүдделерін талқылау барысында

Дүйсенбі,20 қаңтарда ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асылбек Нұралинмен кездесті.

Тараптар әлеуметтік-еңбек заңнамасын жетілдіру мақсатындағы кәсіподақтар мен депутаттардың өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасты.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада QAZAQMETAL KÁSIPODAǴY салалық кәсіподағының төрағасы Асылбек Нұралин ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды.

Тараптар нормашығармашылық қызметке қатысу жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын талқылады.

ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин кездесу барысында атап өткендей, Еңбек адамының мәселелерін түсіну және кәсіподақ жұмысындағы көп жылдық тәжірибе Асылбек Нұралинге тиімді заңнамалық актілерді әзірлеуге және қабылдауға өз үлесін қосуға мүмкіндік береді, олардың көмегімен жұмысшылар үшін әлеуметтік әділеттілік қағидаттары іске асырылады.

ҚР Кәсіподақтар федерациясының медиа орталығы