Әлеуметтік әріптестік: еңбеккерлер мәселелерін шешуді мақсат етеді

«Қазақстандық  салалық мәдениет,спорт,туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ Абай облыстық филиалының төрағасы Гүлнар Оразбекова, Абай облысының кәсіподақ орталығы жанындағы Заң клиникасынының заңгері Ержан Разбеков Абай облысының мәдениет,тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Айбек Саматпен кездесіп, облысымыздағы мәдениет қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау, әлеуметтік қолдау шараларын күшейту және еңбекақысын арттыру, атап айтқанда, барлық санаттағы жұмысшыларға ауылдық жерде жұмыс істегені үшін 25% үстемақы төлеу туралы мәселелерді шешу жолдарын талқылады.

Қазіргі таңда Абай облысының әкімдігі, жұмыс берушілердің уәкілетті өкілдері және аумақтық кәсіподақтар бірлестігі арасында 2024-2026 жылдарға жасалған өңірлік келісім талаптарын орындау бойынша да облысымыздың  кейбір аудан әкімдіктері өз міндеттерін толыққанды орындамағандықтан, филиалға осы мәселені қарастырып, шешу бойынша ұсыныс хаттар түскені туралы және осы аймақтық келісім талаптарын орындауын қадағалау қажет екенін филиал төрағасы Гүлнар Оразбекова өз сөзінде атап өтті.

Өз кезегінде Абай облысының кәсіподақ орталығы жанындағы Заң клиникасынының заңгері Ержан Разбеков те Қазақстан Республикасының ЕК 139 бабының 9 тармағындағы қызметтің түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда, ауылдық жерде жұмыс істейтін, атап айтқанда: іс жүргізушілер, аудармашылар, бухгалтерлер, заңгерлер (барлық салалар үшін жалпы мамандықтар ретінде) кірмейтін ауылдық жерлердің 25% алатын мамандар тізбесін айқындап және кеңейту үшін, облыстың мәдениет,тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы кәсіподақпен бірлесіп, қолдау көрсетіп, облыс әкімдігіне ұсыныс хат жолдаса дұрыс болады деген пікір білдірді.

Кездесу соңында облыстың мәдениет,тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Айбек Самат, филиал төрағасы Гүлнар Оразбекова және Абай облысының кәсіподақ орталығы жанындағы Заң клиникасынының заңгері Ержан Разбеков облыс әкімшілігіне осы мәселені шешу үшін жедел түрде ұсыныс хат дайындап, жіберуге шешім қабылдады.