Кәсіподақ филармония қызметкеріне қолдау көрсетті

Кәсіподақ қозғалысы аясындағы бірлік пен өзара көмектің маңыздылығын тағы бір дәлелдеген айтулы оқиға болды. Астана қаласындағы Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының қызметкері Айдарбек Қабдушовқа Кәсіподақтар федерациясы қолдау көрсетті.

Еске саламыз, өткен жылдың соңында  «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының еңбек ұжымымен кездесу сәтінде филармония қызметкері Айдарбек Қабдушов кәсіподақ басшыларына баласының сырқатына байланысты емделу құнының қымбат екенін айтып, қолдау көрсетуді өтінген болатын. Бұл өтініш назардан тыс қалмады.

Оның сөзіне Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин терең қолдау білдіріп: «Кәсіподақ ынтымағы Федерацияның өз мүшелерінің мәселесінен шетте қалуына жол бермейді. Сіздің жағдайыңызды зерттеп, барлық көмек көрсету мүмкіндігін қарастырамыз. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда болады», – деп айтқан еді.

Бүгін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев Айдарбек Қабдушовты көмек көрсету жайын талқылауға шақырды. Оған Астана қаласының Кәсіподақтар орталығының төрағасы Төлеген Күнәділов, Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясынң  бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Халида Былқилова  қатысты.

Қолдау және өзара түсіністік жағдайында Нұрлан Өтешев Кәсіподақтар федерациясының Айдарбек Қабдушовтың баласын емдеуге қолдан келгенше көмек көрсетуге дайын екеніндігін жеткізді.

Айдарбек Қабдушов өзінің мәселесіне көрсеткен қолдауы мен көңіл бөліп отырғаны үшін Кәсіподақтар федерациясына алғыс айтты.

«Өтінішіме бей-жәй қарамай, көмек бергендеріңіз мен үшін және отбасым үшін өте маңызды», – деп шынайы  ризашылығын білдірді.

Бұл жағдай кәсіподақтардың жұмысшылардың құқығын қорғап қана қоймай, қиын кезеңде нақты көмек көрсетудің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының әлеуметтік мәселелерді шешуге белсене атсалысып, мұқтаж жандарға қолдау көрсете отырып, өз мүшелерінің еңбек және тұрмыс жағдайын жақсартуға ұмтылысы  ынтымақ пен бірліктің нағыз үлгісі деуге болады.