Алда – үлкен жоспар, ауқымды жұмыс

Қарағанды облысының кәсіподақ Орталығында Қарағанды облысы мен Ұлытау облысының салалық және жергілікті кәсіподақтарының аумақтық құрылымдары өкілдерінің Үйлестіру кеңесінің 2025 жылдың бірінші отырысы өтті.

Үйлестіру кеңесінің жұмысына АСТRAV/ Халықаралық еңбек ұйымының Еуропа және Орталық Азия бөлімінің меңгерушісі- Сергеюс Гловацкас  және ҚРКФ төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Тінікеев кездесуге бейнебайланыс арқылы  қатысты.

ҚРКФ төрағасының бірінші орынбасары әлеуметтік әділеттілік пен лайықты еңбек мәселелерін одан әрі ілгерілетуде ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.

«Бірге біз – үлкен күшпіз. Осыны естен шығармаңыздар. Еңбек адамының лайықты жұмыс жағдайларында қызметін жасау үшін біз қолдан келгеннің барлығн жасаймыз», – деді ол.

Кеңес жұмысында  ҚРКФ Бас кеңесінің өткен жылдың қорытындылары, «Қарағанды облысы мен Ұлытау облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің және салалық кәсіподақтардың аумақтық құрылымдарының 2024 жылғы жұмысы туралы есебі,  2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту және басқа да мәселелер қаралды.

Кәсіподақ ұйымдарының 2025 жылы жұмысшы мамандықтары жылын, Қазақстанда кәсіподақ қозғалысының құрылғанына 120 жыл және ҚР Кәсіподақтар федерациясының 35 жылдығын өткізуге атсалысуы, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, Еңбек адамдарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, ҚРКФ «Адал еңбек», «Еңбек адамы», «Еңбек әулеті» сынды жобаларына қатысуға, кәсіпорындарда жастарға арналған кәсіби бағдар беруге бағытталған кездесулер мен экскурсиялар өткізуге байланысты бірлескен іс-қимылдар айқындалды.

Қарағанды облысы мен Ұлытау облысы кәсіподақ орталығының төрағасы- Болат Жұмабеков ҚРКФ Бас кеңесінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы қабылданған шешімдері туралы, екі өңірдегі кәсіподақтар жұмысының 2024 жылғы барлық бағыттары бойынша негізгі қорытындылары туралы хабардар етті.

Әлеуметтік әріптестіктің қарқынды дамуы және кәсіподақ тарапының бастамасымен шешілген мәселелер атап өтілді.

Бұдан әрі Үйлестіру кеңесінің мүшелері ҚР Президенті Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаев жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылына арналған жұмыс жоспарын талқылады және қабылдады.

Үйлестіру кеңесінің мүшелері «QAZAQMETAL KASIPODAGY» қазақстандық салалық тау – кен металлургия кәсіподағының “Жақтау” металлургтер кәсіподағының төрағасы- Виктор Щетининді ҚР Кәсіподақтар федерациясы Бас кеңесінің мүшелігіне  өкілеттігін растауымен және ҚРКФ-ның Алғыс хатымен марапатталған Қарағанды облысы кәсіподақтар орталығының бас бухгалтері -Айгүл Қалмаханованы шын жүректен құттықтады.

Кездесу соңында Болат Жұмабеков жұмысшы мамандықтар жылындағы кәсіподақ жұмысының әлеуметтік маңыздылығын атап өтіп, Еңбек адамының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі әріптестерінің еңбектегі  елеулі белсенділігі үшін алғыс білдірді.