Кәсіподақ ағымдағы жылдың қызметіндегі басым бағыттарды айқындады

«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлінің төрағалығымен Үйлестіру кеңесі өтті.

Жиынға салалық және жергілікті кәсіподақтардың төрағалары мен кәсіподақ белсенділері қатысты.

«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес жұмыстарды жүргізу бойынша «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі сөз алып,  «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарының негізгі мақсат пен міндеттеріне тоқталып, ағымдағы жылы  Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының 2020 жылғы 2 қыркүйектегі 26-шы съезінде қабылданған 2020-2025 жылдарға арналған «Әділеттілік пен дамуға бірлікте» Стратегиясының іске асырылуын қамтамасыз ету керектігін тілге тиек етті.

Кеңесте келесі талқыланған мәселе Түркістан облысы әкімдігі, жұмыс берушілердің бірлестіктері мен кәсіподақтар арасында 2024-2026 жылдарға арналған өңірлік келісімді іске асыру мәселесі болды. Кәсіподақ төрағасы қатысушыларға жұмысшылардың құқықтарын қорғау, олардың еңбек жағдайларын жақсарту, жалақыны көтеру, әлеуметтік кепілдіктерді арттыру секілді мәселелер өңірлік келісімнің маңызды бөлігі екеніне аса назар аударды.

Сондай-ақ кәсіподақ төрағасы кеңес мүшелеріне қордаланған мәселелер бойынша кезекті Түркістан облысының Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия отырысында қарауға ұсыныстар дайындауды тапсырды.

Сонымен қатар кеңесте қатысушылар Кәсіподақтар федерациясының алдында тұрған маңызды міндеттерін талқыға салып, Бердіғали Өмірәлі Мемлекет басшысының 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялау бастамасын қолдай отырып, кәсіподақтардың қоғамдағы рөлін арттыру және жұмысшылардың құқықтарын қорғауға арналған жаңа бастамаларды қабылдау қажеттілігін атап өтті.