Техникалық инспекторлар біліктілігін арттыруда

Кәсіподақтар үйінде Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі «Қазақстандық салалық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ  «Павлодар аудандық ағарту қызметкерлерінің ұйымы» филиалымен бірлесіп,  мектеп, мектепке дейінгі мекемелері мен қосымша білім беру ұйымдарының еңбекті қорғау жөніндегі 36 техникалық инспекторына оқыту семинары өткізілді.

Семинарды аша отырып, «Қазақстандық салалық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ «Павлодар аудандық ағарту қызметкерлерінің ұйымы» филиалының төрағасы Сандуғаш Матаева кәсіподақ ұйымдары сайлаған еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың еңбекті қорғау және өндірістік жарақаттанудың алдын алу ісіндегі маңызды рөлін атап өтті.

Семинар спикерлері Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Заң клиникасы филиалының басшысы, сот жүйесінің ардагері, Еңбек құқығы сарапшысы Марина Иванова және еңбек құқығы сарапшысы Марат Қабжамитов Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасымен таныстырды. Сондай-ақ қатысушыларға еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер туралы ақпаратты жеткізді.

Еңбекті қорғау және қауіпсіздікті ішкі бақылау жөніндегі өндірістік кеңестің құрамында еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың рөлі туралы баяндады. Түрлі жағдайларға талдау жасалды, өндірістік жарақат кезінде келтірілген залалды өтеудің құқықтық мәселелерін, жазатайым оқиғаларды және еңбек қызметіне байланысты қызметкерлердің денсаулығына өзге де зақымдарды тергеу және есепке алу мәселелерін зерделеді.

Оқыту қорытындысы бойынша еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Динара Айтжанованың қатысуымен семинардың негізгі мәселелері бойынша тестілеуден өтіп, Google Forms форматында ұсынылған қырық сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын сәтті орындады.

Әр қатысушыға оқудан өткені туралы сертификат берілді. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар алған білімдерін Павлодар ауданының білім беру мекемелеріндегі жұмыс орындарында кәсіптік тәуекелдердің алдын алу және оларды болдырмау бойынша қоғамдық бақылауды жүзеге асыру кезінде пайдаланатын болады.