Кәсіподақ волонтерлік бастамаларды қолдайды

Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар орталығы жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің өкілдері Батыс Қазақстан облысы жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен БҚО волонтерлер саммитіне қатысты. Өңірлік Саммит барысында БҚО үздік еріктілерінің жиылуымен «GOLD PRICE» волонтерлық корпусының салтанатты ашылуы өтті.

Шарада Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар орталығы жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің төрағасы Жарасова Әдемі спикер болып, жастардың даму жолы, волонтерлікті насихаттау жөнінде шеберлік сағатын өткізді. Сонымен қатар, ҚР Кәсіподақтар қозғалысының 120 жылдығы, ҚР Кәсіподақтар Федерациясының 35 жылдығына орай және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен жарияланған «Еңбекші мамандықтар» жылы аясында жоспарланған шаралар жөнінде сөз қозғады.

Бұл күндері еріктілік – халықаралық, мемлекеттік реформалардың айнымас күшіне айналды. Еріктілік – халқымыздың этнографиялық тарихындағы «Асар» дәстүрінің заманауи көрінісі. Өз уақытын, дағдылары мен ресурстарын өз қалауымен өзгеге арнау – әлемді жақсы жаққа өзгертудің, мемлекеттің әл-ауқатын жақсартатын бірден-бір күш болып табылады. Сол себептен , Кәсіподақ өз тарапынан еріктілер бастамаларына үнемі қолдау білдіреді.