Жақында Атырау облысы Кәсіподақтар бірлестігіндегі әріптестері ұзақ жылдардан бері өңірдегі мұнайгаз саласында кәсіподақтар қозғалысын дамыту, жұмысшы-қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік мәселелерін шешуде белсенді қызмет атқарған «Қазақстандық мұнайгаз салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Елена Мустафинаны зейнет демалысына шығарып салды.
Атырау облысы Кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Әлібек Семғалиев Елена Евгеньевнаны өмірінің айтулы белесі – зейнет демалысына шығу қуанышымен шын жүректен құттықтады. Ол кәсіподақ қозғалысын дамытуға сіңірген орасан зор еңбегі үшін бірлестіктің Алғыс хат табыстады.
Шара барысында салалық кәсіподақтарда бір мақсаттта жұмыс жасаған әріптестері қуаныш иесі Елена Евгеньевнаға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шаңырағына береке-бірлік, ырыс-ынтымақ тілеп, сый-сияпаттарын көрсетті.