Басты назарда – Еңбек адамының мүдделері

“Абай облысының Кәсіподақ орталығы”Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанындағы Заң клиникасына Перизат Карипова лауазымдық жалақының дұрыс есептелмеуіне байланысты өтініш білдірді.

Істің мән-жайымен танысу барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымдық жалақыны есептеу кезінде ағымдағы жұмыс өтілін ғана емес, бұрын алған білімі мен мемлекеттік қызметтегі жұмыс тәжірибесін де ескеру қажет екендігі анықталды. Алайда комиссия бұл факторларды ескермеді, бұл осы лауазым бойынша қарастырылған ережелер мен шарттарды бұзу болып саналады.

Осылайша, құқықтық мәселелер және медиация жөніндегі бас маман Ержан Разбеков Перизат Кариповаға мәселені шешу үшін бірнеше ұсыныстар дайындады. Жалақыны есептеуге әсер ететін барлық факторларды ескере отырып, Комиссияның шешімін қайта қарауға өтініш беру, сондай-ақ заңнама бойынша Перизат Карипованың бұрынғы жұмыс өтілі мен білімін ескеру үшін бірқатар дәлелдер жинау ұсынылды.

Заң клиникасы әкімшілік рәсімдер қажетті нәтижеге әкелмеген жағдайда сотқа талап арыз дайындауға көмектесуді ұсынды. Бұл кезде барлық заң талаптарын сақтау маңызды.

Қазіргі таңда бұл мәселе Заң клиникасының жүзеге асырған әрекеттер арқылы шешілді.