Заң клиникасы Еңбек адамының құқықтарын қорғауда

«Т-Энерджи» ЖШС құрылыс компаниясының жұмысшылары Дархан Қадірханов пен Роман Кожаев Ақтөбе облысы кәсіподақтары аумақтық бірлестігі жанындағы Кәсіподақтар федерациясының Заң клиникасына өтініш білдірді.

Заң клиникасы өкілдері материалдарды, соның ішінде өтініш білдірген жұмысшылардың еңбек шарттарын зерттеді.

Анықталғандай, Роман Кожаев пен Дархан Қадірхановқа жұмыстан босатылғаннан кейін қызметкердің орташа жалақысы негізінде есептелген жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін ақы төленбеген.

«Т-Энерджи» ЖШС өкілімен әңгімелесу барысында төлем бойынша берешек кәсіпорынның уақытша тоқтап қалуынан туындағаны белгілі болды.

Келісім қорытындысы бойынша жұмысшылардың өтемақы төлемдері толығымен өтелді.