Медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайлары талқыланды

Жамбыл облыстық көпсалалы ауруханасында «QAZMED» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының ұйымдастыруымен кездесу өтті.

Іс-шараға облыстық кәсіподақ филиалының төрағасы Нұрлан Макашев қатысып, ұйымның қызметі, денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер және қызметкерлердің әлеуметтік құқықтарын қорғау туралы баяндама жасады. Кәсіподақтың денсаулық сақтау саласындағы саясаты мен стратегиясы, сонымен қатар әртүрлі қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау жолындағы атқарған жұмыстары кеңінен талқыланды.

Кездесу барысында медицина қызметкерлері еңбек жағдайлары, әлеуметтік кепілдіктер, құқықтық қолдау және кәсіби жауапкершілік мәселелерін талқылады. Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, еңбек құқықтарын қорғау, жұмыс орнындағы қауіпсіздік, денсаулық сақтау саласындағы реформалар мен өзгерістер туралы пікір алмасты. Сондай-ақ, әлеуметтік қорғау шаралары мен кәсіби біліктілікті арттыру мәселелеріне де ерекше назар аударылды.

Қатысушылар 2024 жылдың жұмыс қорытындыларын шығарып, алдағы кезеңге арналған жоспарлар белгіленді. Жоспарға сәйкес, кәсіподақ жұмысын нығайту, медициналық қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту және олардың еңбек құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында бірқатар бастамалар мен шаралар қабылданатын болады.