Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағы «Астана» қалалық филиалы Атқару комитетінің отырысы өтті.
Отырыс барысында ұйымдастырушылық сипаттағы бірқатар мәселелер қаралып, филиалдың бір жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Жұмысшы мамандықтары жылы аясында «Жастардың үздік әлеуметтік жобасы» қалалық байқауын өткізу туралы шешім қабылданды. Ағымдағы жылдың 1 наурызында басталатын осы байқау филиалдың мүшелік ұйымдарының жас қызметкерлерінің еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік маңызды проблемаларды шешудегі әлеуетін жандандыруға бағытталған.
Байқаудың негізгі мақсаттары: кәсіподақтың жарғылық міндеттерін жүзеге асыруға жастардың қатысу белсенділігін арттыру, кәсіподақ Жастар кеңесінің қызметін жандандыру; кәсіподақ мүшелігіне тартымдылықты арттыру; еңбек ұжымдарында әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жас қызметкерлердің қоғамдық бастамаларын қолдау; байқауға қатысушыларды мысалға ала отырып, жастардың азаматтық ұстанымы мен қоғамдық белсенділігін қалыптастыру.
Байқауға қатысуға елордадағы құрылыс саласы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ұйымдарында жұмыс істейтін 35 жасқа дейінгі (қоса алғанда) кәсіподақ мүшелері қатыса алады.