Адал еңбек ел игілігіне пайда әкеледі

1993 жылы Ақмола облысы Қорғалжын ауданында туып-өскен Дәурен Әшентай жастайынан еңбекқорлық, ұқыптылық, жауапкершілік қасиеттерін бойына сіңірген.

Туған жерінде тоғызыншы сыныпты бітірген соң елордадағы «Асу» гуманитарлық-техникалық колледжінде оқып, жол қозғалысын ұйымдастырумен байланысты мамандықты таңдады. Алайда тағдырдың қалауымен басқа салада өз кәсібін тапты.

2015 жылдан бастап қазіргі сәтке дейін ол «Астана су арнасы» кәсіпорынында сумен жабдықтау және кәріз жөніндегі апаттық-қалпына келтіру қызметінің слесарі болып жұмыс істеп келеді. Оның жұмысы елорда тұрғындарының әл-ауқатын және өмірлік маңызды инфрақұрылымның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етумен тікелей байланысты. Бұл техникалық дағдыларды ғана емес, стандартты емес жағдайларға дайын болуды, жылдам әрекет етуді және күрделі мәселелерді шешуді талап ететін жұмыс. Дәурен бұл міндетті өте жақсы атқарады.

Әріптестері оның әрқашан көмекке келуге дайын екенін, тәжірибесімен және білімімен бөлісетінін, бұл ұжымда өзара көмек пен қолдау атмосферасын қалыптастыратынын атап өтті. Дәурен – бұл жәй ғана слесарь емес, ол бүкіл қызмет жұмысының табысты болуы оның әрбір әріптесіне байланысты екенін түсінетін нағыз білікті жұмыскер.

Д.Әшентай Астананың қарқынды дамып, қазіргі заманғы мегаполиске айналғанын көріп, өз еңбегінің бұл үдеріске ықпал ететінін мақтан тұтады және күш-жігері ел игілігі үшін маңызы зор екенін түсінеді.

Қажырлы еңбегімен қатар Дәурен – қамқор отағасы. Үйленген, үш баласы бар. Балаларына өзі үйренген құндылықтарды беруге тырысады: еңбекқорлық, адалдық және басқаларды құрметтеу.