Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаевтың қатысуымен еңбек қатынасындағы мәселелер бойынша облыс орталығындағы кәсіпорындар мен мекеме басшыларымен кездесу өтті.
Кездесу барысында еңбек саласындағы әлеуметтік ахуал мәселелері талқыланып, уәкілетті органдар тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жиында Қызылорда қалалық прокуратурасы, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, «Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институы» Қызылорда облысы бойынша филиалы, «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының Қызылорда қаласындағы филиалы өкілдерімен қатар Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің өкілі қатысып, еңбек заңнамалары бойынша түсіндірме жүргізді.
Кәсіподақтар бірлестігінің бас маманы Майра Боранбаева өз кезегінде еңбек қатынасындағы шиеленістер мен тәуекелдерді болдырмау үшін мамандарға арнайы құқықтық оқытудан өтудің маңызды екенін атап өтті.