Қостанай облысының кәсіподақ белсенділерімен кездесу Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталиннің осы өңірге жұмыс сапары бағдарламасының қорытынды шарасы болды.
Қостанай облысының кәсіподақ орталығының төрағасы Ирина Аронова аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің қызметі мен алдағы жылға қойылған міндеттердің орындалуына тоқталды.
«Кәсіподақтың жұмысындағы маңызды бағыттардың бірі — әлеуметтік серіктестермен белсенді түрде жұмыс істеу және Қостанай облысындағы жұмысшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға арналған кәсіподақ ішіндегі ынтымақтастықты күшейту. Осы орайда облыстық мәслихат жанынан Кәсіподақтар федерациясының бастамасымен құрылған «Еңбек» депутаттық тобы нәтижелі жұмыс жасауда», — деді Ирина Аронова.
ҚРКФ төрағасымен кездесу үшін су тасқынынан зардап шеккен Қостанай ауданы Алтынсарин ауылының тұрғындары – Жәния Алшынбаева мен Ерасыл Қазыбаев Қостанай облысының кәсіподақтар орталығына келіп, өткен жылғы су тасқыны кезінде Кәсіподақтар федерациясының өздеріне көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдіргісі келді.
«Су тасқыны кезінде біз ұмытылып, көмексіз қалмадық. Кәсіподақтар федерациясы бізге қиын күндерді жеңуге көмектесті, баспана беріп, қолдау көрсетті. Бір ай бойы біз кәсіподақтың «Сосновый бор» шипажайында өмір тұрдық, онымен қоса денсаулығымызды да түзедік. Шипажайда тегін баспана мен медициналық көмек алу бізге су тасқынынан кейін қалыпқа келуге көмектесті. Сіздерге үлкен адамгершілік алғысымызды білдіремін, мен арнайы келіп, сізге бұл үшін рақмет айтқым келді», – деді педагог Жәния Алшинбаева Сатыбалды Дәулеталинге.
«Апаттың алғашқы күндерінен кәсіподақ жастары бөгет салуға кірісті, біздің жігіттер су тасқынының зардаптарын жоюға өз үлестерін қосты», – деді «Келешек» жастар кеңесінің жетекшісі Ерасыл Қазыбаев. Ол өзінің 90 жастағы әжесінің алғыс айтқан бейнебаянын көрсетті. Бұл кісі де шипажайда тұрақтаған.
«Ынтымақ пен өзара көмек біздің кәсіподақтардың негізгі құндылықтарының бірі болып табылады. Біз қол қусырып отыра алмадық. Кәсіподақтар федерациясы 225 миллион теңгеден астам материалдық көмек, 14 миллион теңге гуманитарлық көмек жинады. Үйінен айырылғандарға тұрмыстық техникаға 45 сертификат табыстадық. Кәсіподақтар адамдарды қаржылық жағынан ғана емес, моральдық жағынан да қолдап, 214 адам орналастырылған кәсіподақ шипажайларында демалу мен оңалтуды қамтамасыз етті», – деді ҚРКФ төрағасы өңір тұрғындарының алғыс сөздеріне жауап бере отырып.
Облыстық кәсіподақ белсенділері алдында сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин ҚРКФ-ның еңбекшілердің әл-ауқатын жақсарту мақсатында заңнамаға өзгертулер енгізу жөніндегі бастамалары туралы, оның ішінде жалақыны жыл сайын индекстеу, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және әлеуметтік әріптестікті үдемелі дамыту мәселелеріне кеңінен тоқталды. Ол Жұмысшы мамандықтары жылына жоспарланған іс-шаралардың сәтті жүзеге асуы көп жағдайда кәсіподақ белсенділерінің бірігуіне байланысты болатынын атап өтті.
«Бүгінде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы 23 салалық және 18 аумақтық кәсіподақ бірлестіктерін біріктіреді. 1,7 миллион кәсіподақ мүшелерін біріктіретін 16 мыңнан астам бастауыш кәсіподақ ұйымдары бар. Олардың барлығы – Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы. Ал ел Президенті 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылында жариялаған міндеттерді жүзеге асырудың тиімділігі барлық құрылымдардың үйлесімді жұмысына байланысты», – деп атап көрсетті Сатыбалды Дәулеталин.
Қостанай облысының кәсіподақ орталығы жалпы саны 80 мың кәсіподақ мүшесі бар 850 бастауыш кәсіподақ ұйымын қамтитын салалық және жергілікті кәсіподақтардың 11 аумақтық құрылымдарының қызметін үйлестіреді.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы қостанайлық әріптестеріне жұмысшылардың мүддесін белсенді түрде алға тартқаны үшін алғыс айтып, олардың еңбегін Құрмет грамоталарымен атап өтті.
ҚР Кәсіподақтар федерациясының медиа орталығы