Абай облыстық филиалының қатары көбеюде

Абай облысы дене шынықтыру  және спорт басқармасының «Абай облысының олимпиадалық резервін дайындау орталығы» КММ-нің  ұжымы кәсіподақ ұйымын құру мақсатымен жалпы жиналыс өткізіп, оған облыстық филиал  төрағасы Гүлнар Оразбекова мен облыстық кәсіподақтар орталығының заңгері Разбеков Ержан қатысты.
Кездесу барысында орталық заңгері Разбеков Ержан Ұжымдық келісім-шарттың  мекеме қызметкерлері мен жұмыс берушісі арасындағы еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жасалатын еңбек шартының негізінде туындайтынын,  қызметкерлер мен жұмыс  берушілердің арасында жауапкершіліктің күшейетінін, олардың еңбегі мен жалақысын және оларға берілетін жеңілдіктер мен кепілдіктерінің қамтамасыз етілетінін, жұмыскердің денсаулықтарының сақталуы және сауықтандырылуы да  осы келісім-шартта қарастырылатынын түсіндірді.
Облыстық филиал төрағасы Гүлнар Оразбекова өз сөзінде жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымын құруға ниет білдіріп отырған ұжымға ынтымақтастық туралы келісімнің кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық, еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау, кәсіподақ бірлігін сақтау және нығайту жөніндегі ынтымақтастық пен өзара бірлесіп іс атқару туралы келісім екенін  атап өтті.
Сонымен қоса, жұмыс беруші қызметкерлерге ақылы еңбек демалысын беретінін және жыл сайынғы еңбек демалысында мемлекеттік мекеменің, қазыналық және мемлекеттік, шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындардың біліктілігі жоқ жұмысшыларын қоса алғанда  барлық санаттағы  қызметкерлеріне  бір айлық жалақы мөлшерінде сауықтыру жәрдемақысы төленетінін, ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын және еңбек ететін  барлық қызметкерлерге таратыла отырып, “зардап шеккен адамның куәлігінің” бар-жоғына қарамастан, 1991 жылдан кейін туылғандарды  қоса алғанда,  жыл сайынғы қосымша ақылы демалыс берілсін. Жыл сайынғы қосымша демалыстың ұзақтығы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының талаптарына сәйкес айқындалатынын да атап өтті.
Кездесудің соңында филиал төрағасы Гүлнар Оразбекова Абай облысының олимпиадалық резервін дайындау орталығында 32 қызметкерлерімен ерікті түрде жаңа құрылған бастауыш кәсіподақ ұйымына келешекте бірлесіп атқаратын жұмыстарына сәттілік және үлкен табыс тіледі.