Ақтөбеде салауатты өмір салтын насихаттау, бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелері арасындағы өзара ынтымақты одан әрі мақсатында мәдениет және спорт саласы қызметкерлері арасында шаңғыдан жарыс өтті.
Жарысты осымен 9-шы рет «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалы Ақтөбе қалалық спорт және дене шынықтыру бөлімінің қолдауымен Кірпішті елді мекенінде орналасқан қысқы спорт түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі негізінде ұйымдастырылды.
Спорттық жарыстарға бұл жолы қатысушы командалар саны әдеттегіден көп болды, барлығы 35 команда қатысуға ниет етті. Шаңғыдан эстафеталық жарыс тартысты өтті. Барлығы 35 команда, жалпы 150 астам кәсіподақ мүшелері қатысты. Нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, олар сыйлықтармен марапатталды.
Бірінші орын мәдениет саласы мекемелері ішінен зағип жандарға арналған кітапхана ұжымына, 2-ші орын «Алақай» қуыршақ театры мен облыстық мемлекеттік архив ұжымдарына ,3-ші орын Нокин атындағы мәдениет үйі Сақтаған Бәйішев атындағы облыстық кітапхана мен қалалық мәдениет үйі командаларына берілді.
Спорт саласында осы шаңғы жарысында үздік шыққандар қысқы спорт түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі , 2 ші орын Қобда аудандық БЖСМ және «Достык» су спорты түрлері бойынша ОБЖСМ ,ал 3 орынды Шалқар аудандық БЖСМ, облыстық 3 және 2 ші ОБЖСМ командалары иеленді.
« Биыл еліміздегі Кәсіподақтар федерациясының құрылғанына 35 жыл. Ал, кәсіподақ қозғалысының басталғанына 120 жыл толып отыр. Мұндай дәстүрлі спорттық шараларды біз жыл сайын ұйымдастырып келеміз. Бір қуаныштысы – жыл сайын салауатты өмір салтын ұстанып, бұқаралық спортпен айналысуға ден қойған бастауыш кәсіподақ ұйым мүшелерінің саны жыл сайын артып келеді. Бұл – достық пен татулықтың шынайы меркесіне айналған жақсы дәстүрлі мереке», – деп атап өтті Салалық кәсіподақтың Ақтөбе филиалының төрайымы Назира Табылдинова.