ҚР Президенті Қасым- Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Абай облысының құрамында Мақаншы ауданы мен Жаңасемей ауданы құрылып, ағымдағы жылдың ақпан айында «Абай облысы Жаңасемей аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ «Жаңасемей аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры Мадияр Әшіров Абай облысының кәсіподақтар орталығы жанындағы Заң клиникасының заңгері Разбеков Ержаннан құқықтық кеңес алды.

Мәдениет Үйінің директоры Мадияр Әшіровтың Заң клиникасына жүгіну себебі – кезінде Семей қаласына қараған 12 ауылдық клубты бір орталыққа – «Жаңасемей ауданының мәдениет үйіне» біріктіру және осыған орай клуб қызметкерлерін ауыстыру және қабылдау сұрақтары болды.
Құқықтық кеңес беру барысында облыстық кәсіподақ орталығының құқықтық мәселелер және медиация жөніндегі бас маманы Ержан Разбеков қызметкерлер саны немесе штаты қысқарған кезде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген кепілдіктер мен өтемақылар берілетіні және жұмыскерлерге біліктілігіне сәйкес бос орындарға ауысуға, ал мұндай бос орындар болмаған кезде – басқа, ведомстволық бағынысты ұйымдарда бар өзге де бос лауазымдарға ауысуға болатыны туралы айтты.

Сондай-ақ «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподақ одағы» ҚБ филиалының төрағасы Гүлнәр Оразбекова қызметкерлердің еңбек процесінде еңбек құқықтарын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Кеңес нәтижесінде барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді. Жаңа құрылған Жаңасемей аудандық мәдениет үйіның ұжымына шығармашылық табыс тілеп, ұйымдастыру жұмыстары аяқталған соң, олар бастауыш кәсіподақ құрып, филиал қатарынан табылады деп сенім арттық.