Еңбек ұжымдарындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ұйымдастыруымен еңбек ұжымдарындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатындағы мәселелер қаралды.


Кездесу облыс әкімінің орынбасары А.Зебешевтың төрағалығымен өтіп, облыс аумағындағы ірі кәсіпорындар басшыларының қатысуымен күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды.Кездесу барысында жұмысшылар әл-ауқатын арттыру, зиянды еңбек жағдайында жұмыс жасайтын, жасы 55 жасқа толған және жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру шартын жасау қажеттіліктері жайлы мәселелер қозғалды.

Аумақтық кәсіподақ орталығы бірлестігі төрағасының орынбасары Марат Бәйімбетов өз кезегінде жұмыскерлердің ай сайынғы төленетін міндетті әлеуметтік сақтандыру қорындағы төлемдердің дұрыс және уақытылы төленіп жатқандығын қадағалауға құқығы бар екендігін жеткізді.


Кездесу соңында жұмыс орнындағы әлеуметтік тәуекелдер мен шиеленістерді болдырмау, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын арттыруға қатысты тапсырмалар берілді.