Заң клиникасында қабылдау жүргізілді

«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің жанындағы Заң клиникасының қызметіне Түркістан облысы, Сайрам ауданының тұрғыны кәсіподақ мүшесі С есімді азамат заң аясында көмек көрсетуді сұранып жүгінді. Азаматтың айтуынша жұмыс істеп жатқан жұмыс орнынан күндізгі жұмыс істеу уақыты түнгі ауысым жұмыс істеу уақытына ауысқан.


Осыған орай, түнгі ауысым бойынша жұмыс істеуіне байланысты түнгі уақыттағы төленетін еңбек ақының төлену мөлшері қандай болатынын сұранып өз уәжін білдірді.

Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанындағы Заң клиникасының мамандарымен істің мән-жайы тыңдалып, өтініш білдіруші тұлғаға ҚР Еңбек Кодексінің 110 бабының талаптарына сәйкес, түнгі уақыттағы жұмыстың әрбір сағатына еңбек немесе ұжымдық шарттардың және (немесе) жұмыс беруші актісінің талаптарына сәйкес жоғарылатылған мөлшерде, бірақ жұмыскердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі негізге алына отырып, бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде ақы төленетіні сондай-ақ, осы Кодекстің 76 бабына сай, сағат 22:00-ден 6:00-ге дейінгі уақыт түнгі уақыт болып есептелетіні жөнінде түсіндіріліп, құқықтық кеңес берілді.