Түркістанда Атқару комитетінің отырысы өтті

«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы» ҚБ- нің Түркістан облыстық филиалының атқару комитетінің кеңейтілген отырысы өтті.
Күн тәртібінде «Қызмет» салалық кәсіподағы Түркістан облыстық филиалының 2024 жылы атқарылған жұмыстардың есебін облыстық филиалдың төрайымы Күлдар Есебаева баяндады.


“Облыстық филиалдың құрамы 422 кәсіподақ мүшесімен 9 бастауыш ұйымға көбейген. Атқарылған жұмыстарды қортындылай келе, қол жеткізген табыстардың барлығы бірлесіп- ынтымақпен атқарылған жұмыстың нәтижесі және алдағы уақытта да бірге бар күш-жігерімізді жұмсаймыз”,-деп сенім білдіретінін айтты.


Ағымдағы жылы ұжымдық шарттардың сапасын арттыру, қоғамдық бақылауды күшейту, әлеуметтік серіктестермен бірлесіп оқу – семинарлар ұйымдастырудың маңыздылығына тоқталды.

2025 жыл – «Қазақстан кәсіподақтарына 120 жыл», Президентіміз Қасым –Жомарт Кемелұлы Тоқаев: 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп атауына байланысты кәсіподақ ұйымының қызметін насихаттауға және жетілдіруге арналған іс –шаралар жоспарын талқылап, бекітті.


Отырыс соңында мерейлі жасқа толған Мыңжасар Асқаров пен Сыдықбай Жолдыбаевты құттықтап, кәсіподақ қозғалысына қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.