Еңбек жағдайлары талқыланып, ынтымақтастық үшін қадамдар белгіленді

Астана қаласының Кәсіподақтар орталығының өкілдері бастауыш кәсіподақ ұйымын құру мақсатымен автомобиль саласындағы шанақтарды құрастыруға мамандандырылған заманауи сервистік орталық – «СВС-АСТАНА» ЖШС-нің басшысымен кездесті.

Кездесу барысында Астана қаласының Кәсіподақтар орталығының төрағасы Төлеген Күнәділов «СВС-АСТАНА» ЖШС директоры Наталья Бондаренкоға қазіргі уақыттағы кәсіподақтардың рөлі мен қызметін айтып берді. Әсіресе, Еңбек туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету, жұмыс жағдайларын бақылау, әділетсіз жұмыстан шығарудан қорғау және еңбек дауларын шешуге көмектесу сияқты еңбек құқықтарын қорғаудың негізгі аспектілеріне баса назар аударылды.

Өз кезегінде Н.Бондаренко: «СВС-АСТАНА» ЖШС – 2024 жылы іске қосылған инвестициялық жоба. Түрлі үлгідегі автомобильдер үшін шанақтарды құрастыру бойынша қызметтердің кең спектрін ұсына отырып, клиенттер үшін сенімді серіктес ретінде өзін көрсете білді. Мұнда өз дағдыларын үнемі жетілдіріп, автомобиль индустриясындағы соңғы үрдістерді қадағалап отыратын тәжірибелі инженерлер мен шеберлер қызмет етуде»,-деп қысқаша орталықтың қызметімен таныстырды.

«Бұл кездесу – біздің бірлескен жолымыздың басы ғана және ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін одан әрі өзара іс-қимылға дайынбыз. Ынтымақтастық үшін жаңа көкжиектер ашатын маңызды кездесу»,- деп атап өтті Н.Бондаренко.

Астана қаласының Кәсіподақтар орталығы жұмысшылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету және ұжымдық қорғаудың маңыздылығы туралы еңбекшілердің хабардар болуы жөнінде жұмысын жалғастырады.