Астана құрылысшылары кәсіподағының кеңесі: еңбекті қорғау және жастар саясаты

Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағы «Астана» қалалық филиалы құрылымдық және мүшелік ұйымдардың басшыларына «Еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасы – еңбек саласындағы негізгі қағида» атты кәсіподақ сағатын өткізді.

Филиал төрайымы Тілеулес Мадьярова 2024 жылдың қорытындысы бойынша саладағы өндірістік жарақаттану жағдайы және мүше ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайы туралы баяндама жасады.

Отырыс барысында сала кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер мен еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың жұмысын ұйымдастыру мәселесі қаралды.

Сонымен қатар, отырыста Жұмысшы мамандықтары жылына арналған «Бастауыш кәсіподақ ұйымындағы үздік жастар кеңесі» байқауының бірінші кезеңінің қорытындысы шығарылды. Байқауға 13 адам – филиалдың құрылымдық және мүше ұйымдарының жастар кеңесінің мүшелері қатысуда.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері кәсіподақ мүшелігіне ынталандыруды күшейту және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының беделін арттыру болып табылады.

Сондай-ақ шара аясында Халықаралық әйелдер күніне орай кәсіподақтың әйел көшбасшыларына құрмет көрсетілді.