Қоғамдық қабылдау өтті

Еңбеккерлердің еңбек заңнамасына қатысты құқықтарының сақталуы бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының басты мақсаттарының бірі болып табылады. Осы ретте бүгін «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі кезекті қоғамдық қабылдау өткізді.


Қоғамдық қабылдауға келген А. есімді азаматша өз аты-жөнін жарияламауды өтініп, еңбек заңнамасына байланысты бірнеше мәселелерді көтерді. Азаматша еңбек жағдайларының жақсартылуы, жұмысшылардың қауіпсіздігі мен әлеуметтік құқықтарының сақталуы бойынша ұсыныстарын білдіріп, осы саладағы бақылауды күшейту қажеттігін тілге тиек етті.


Қабылдау барысында кәсіподақ төрағасы Бердіғали Өмірәлі азаматшаның ұсыныстары мен өтініштерін мұқият тыңдап, «Біздің басты мақсатымыз – жұмысшылардың құқықтарын қорғау және еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету» – деп, еңбеккерлердің еңбек заңнамасына қатысты құқықтарының сақталуы кәсіподақ назарынан ешқашан тыс қалмайтындығын ерекше атап өтті.