Үздік техникалық инспектор анықталды

Наурыз мейрамы қарсаңында Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық ұйымы  «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор» облыстық байқауының жеңімпаздарын анықтады.


Байқау еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылаудың тиімділігін арттыру, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес жұмыс берушілердің қауіпсіз еңбек жағдайларына жұмыскерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауы, өндірістік жарақаттануды және кәсіби сырқаттанушылықты төмендету, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың қызметін жетілдіру және ынталандыру мақсатында өткізілді.


Байқауға облыстың мектепке дейінгі, жалпы білім беретін мектептердің еңбек қауіпсіздігі бойынша техникалық инспекторлары қатысты, нәтижесінде Қарағанды облысының Абай ауданындағы «Таңшолпан» бөбекжайының еңбекті қорғау бойынша техникалық инспекторы Нина Николаевна Плекан жеңімпаз атанды. Екінші орын Қарқаралы ауданының Матақ ауылындағы №15 жалпы орта білім беретін мектептің техникалық инспекторы Канат Рымханович Акимовқа берілді. Үшінші орын Қарағанды қаласындағы Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің техникалық инспекторы Жанбота Худайберген мен Қарағанды қаласындағы №59 жалпы білім беретін мектептің техникалық инспекторы Никита Александрович Козловқа бұйырды.

Облыстық байқаудың жеңімпазы Нина Николаевна Плекан Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіпдағының республикалық «Еңбек қорғау жөніндегі ең үздік техникалық инспектор» байқауына қатысатын болады.