2025 жылдың 19 наурызында «Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» «Астана» қалалық филиалының бастамасымен «Бастауыш кәсіподақ ұйымындағы үздік жастар кеңесі» жобасын жүзеге асыру аясында семинар-тренинг өткізілді.
Бұл іс-шара «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында ұйымдастырылып отыр. Шараға «Астанабасжоспар» ҒЗЖИ» ЖШС, «Астана-Тазалық» ЖШС, «Астана су арнасы» МКК, «Elorda Eco System» МКК құрылымдық және мүшелік ұйымдарының жастар кеңесінің мүшелері қатысты.
Аталған жобаның басты мақсаты – кәсіподақ мүшелігінің мотивациясын арттыру, кәсіподақ қозғалысының тиімділігін көрсету және салалық бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мәртебесін көтеру болды.
Тренинг барысында қатысушылар жастар кеңестерінің кәсіподақ ұйымдарының жаңартылуындағы инновациялық рөлімен танысып, кәсіподақтардың жұмыс механизмін, олардың ұйымдастыру құрылымын зерттеді. Сонымен қатар, кәсіподақтар арқылы түрлі әлеуметтік қолдау бағдарламалары мен жеңілдіктер туралы ақпарат алып, өздерінің әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғау мүмкіндіктерін талқылады.
Іс-шараға қатысушылар мұндай кездесулердің практикалық маңыздылығын және жастардың кәсіподақ қозғалысындағы рөлін атап өтіп, ұйымдастырушыларға аталған мүмкіндікті ұсынғаны үшін алғыс білдірді. Және осындай іс-шаралардың жастарды кәсіподақтарға тарту, олардың еңбек құқықтарын қорғау және жалпы қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты арттыру үшін өте маңызды екенін жеткізді.