Жұмысшы мамандықтар жылы – Қоғам назарында!

Елімізде 2025 жыл “Жұмысшы мамандықтар жылы” деп жарияланды. Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, жастарды осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға бағытталған.


Жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы беделін арттыру, жастарды кәсіптік білім алу мен жұмысшы мамандықтарын игеруге ынталандыруды насихаттау мақсатында Абай облысының кәсіподақтар орталығы Семей қаласының сол жағалауындағы Глинки даңғылында «Жұмысшы мамандықтар жылы» және еңбеккерлердің құқықтарын қорғаумен жұмысшылардың әлеуметтік және еңбек жағдайларын жақсарту, сондай-ақ еңбек даулары мен заң бұзушылықтарды шешу бағытында жұмыс жасайтын жалғыз ұйым Қазақстан Республикасының кәсіподақтар федерациясы логотипі бар баннерлер орнатылды.

Бұл шаралар жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын және еңбек құқықтарын қорғауды қоғамға насихаттауды мақсат етіп қойып, жастардың кәсіптік бағдарын жетілдіруге ықпал ететін болады.