Оралда ауылшаруашылық саласының майталмандары марапатталды

«Наурызнама» онкүндігі аясында және «Жұмысшы мамандықтар жылы» шеңберінде Орал қаласындағы Достық үйінде салтанатты жиын өтті. Шараны «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Амангелді Дәулетжанов ұйымдастырды.

Жиын барысында Батыс Қазақстан облысының ауыл және орман шаруашылығы саласының дамуына айтарлықтай үлес қосқан кәсіподақ белсенділері «Елеулі еңбегі үшін» және «ІІ дәрежелі Еңбек даңқы» төсбелгілерімен марапатталды.

Марапат иелерін құттықтауға «Батыс Қазақстан облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Айгүл Оразқызы мен Орал қаласы әкімдігі ҚДБ «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Нұрғали Қаршығаұлы арнайы қатысты. Олар еңбек майталмандарына төсбелгілерін салтанатты түрде табыстады.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып жүрген ауыл шаруашылығы мамандары құрметтелді:

  • «Агрореммаш» АҚ президенті – Гимран Сағинович Бисенов
  • «Белес» ЖШС бас директоры – Мұрат Ұранбайұлы Джакибаев
  • «Еңбек ардагері» ИП Миликеева – Анвар Гиреевич Гайсин
  • «HAZARAGRO» ЖШС басшысы – Руслан Майданович Сайдахметов
  • «Жайық ет» ЖШС бас директоры – Темірғали Қаратаевич Есекендіров

 

Олар өз еңбектерімен ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан үлестері үшін лайықты марапаттарға ие болды.

Марапат иелерін құттықтаймыз!