«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының қабылдауына Түркістан облысы, Отырар ауданының тұрғыны кәсіподақ мүшесі Е есімді азаматша еңбек қатынастары бойынша құқықтық көмек көрсетуді сұранып жүгінді.
Кәсіподақ мүшесі көкейінде жүрген ҚР «Еңбек кодексі» кейбір баптарының жұмыста қолдану тәртібі жайында сондай-ақ, жұмыс орнындағы жұмыскер мен жұмыс берушінің негізгі құқықтарымен міндеттері, мүгедектігі бар адамдардың еңбек құқықтары жайында сұрақтарын қойды.
Өз кезегінде аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі азаматшаға тиісті құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тиісті жауаптарын берді.
Сонымен қатар, кәсіподақ мүшесіне ҚР «Еңбек кодексі» және «Әлеуметтік кодексі» баптарына енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулар бойынша мәліметтер берілді.