“Батыс Қазақстан АЭЖК” ЖШС қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ ұйымдастыруымен Жұмысшы мамандықтар жылы аясында коммуналдық шаруашылық қызметкерлері арасында спартакиада өтті.
Шараға Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, «Жайықтеплоэнерго» АҚ, «Батыс су арнасы » ЖШС, «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС командаларынан құралған қызметкерлер қатысты.
Спорттық шараның басты мақсаты – Дене шынықтыру деңгейін арттыру, еңбекші мамандықтарды футбол ойыны арқылы бой сергітуіне мүмкіндік жасап, командалар арасындағы достықты нығайту, салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау, еңбек тиімділігі мен қоғамдық белсенділікті арттыру. Қызметкерлер арасында оң өмірлік көзқарасты қалыптастыру.
Сонымен қатар, бұл іс-шара қызметкерлердің еңбек өнімділігін арттыруға, корпоративтік мәдениетті дамытуға және жұмыс орнындағы жағымды атмосфераны қалыптастыруға септігін тигізеді. Мұндай игі бастамалар тек физикалық белсенділікті ғана емес, сонымен қатар ұжымның моральдық-психологиялық ахуалын жақсартуға, кәсіподақ мүшелері арасындағы достықты нығайтуға сеп болады.