«Мемсараптама» РМК жергілікті кәсіподағында есеп беру конференциясы өтті

Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподақ ұйымына мүше «Мемлекеттік сараптама» мемлекеттік кәсіпорны жұмысшыларының жергілікті кәсіподақ ұйымы жыл сайынғы есеп беру конференциясын өткізді.

Конференцияға «Мемлекеттік сараптама» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының басшылығы, салалық кәсіподақ ұйымының өкілі және өңірлерден келген жергілікті кәсіподақ ұйымының кәсіподақ белсенділері қатысты.

Алғы сөз алған «Мемсараптама» РМК бас директорының бірінші орынбасары Е.А. Тікібаев конференцияға қатысушыларға кәсіподақтың жұмысшылардың әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтарын шешудегі кәсіпорындағы маңызды және елеулі рөлін атап өтті.

Астана қаласы филиалының төрайымы Т.Б. Мадярова өз сөзінде «Жұмысшы мамандықтары» жылына арналған жұмыс жоспарын жүзеге асыру аясында салалық кәсіподақ ұйымының атқарып жатқан шараларына тоқталды.

Конференцияда Шығыс және Солтүстік өңірлер, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша кәсіподақ комитеттерінің төрағалары атқарылған жұмыс туралы ақпарат берді.

Жергілікті кәсіподақ төрағасы Е.А. Шапатин 2024 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, ағымдағы жылға арналған міндеттерді белгіледі. Конференцияда кәсіподақ комитеті мен тексеру комиссиясының жаңа құрамы сайланды, жергілікті кәсіподақ құрылтайшыларының құрамы жаңартылды.

Конференция барысында ағымдағы және өзекті мәселелер талқыланып, жұмыс беруші мен қызметкерлер арасында әлеуметтік кепілдіктер, медициналық сақтандыру, іс-шараларды қаржыландыру шарттары бойынша пікір алмасылды. Конференция делегаттары қойылған барлық сұрақтарға жауаптар мен түсініктемелер алды.

Конференция жұмысы аяқталғаннан кейін кәсіподақ активімен «Командалық жұмыс және көшбасшылық» тақырыбында тренинг өткізілді.