Бүгін Түркістан қаласында жұмысшы мамандықтарында білім алып жатқан колледж студенттері арасында алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Еңбек кубогы» республикалық спартакиадасы өз жалауын көтерді.
Ауқымды додаға еліміздің 20 өңірінен келген 2 мыңға жуық студент қатысуда.
«Түркістан Арена» стадионында өткен салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, қатысушыларға сәттілік тілеп, бұл жарыстың ел болашағы – еңбек адамын дәріптеудегі маңызын ерекше атап өтті.
Салтанатты шарада қазақ руханиятының дара тұлғалары – Әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи, Ыбырай Алтынсарин, Қажымұқан Мұңайтпасұлы бейнеленген театрландырылған көрініс көрсетіліп, патриоттық әндер шырқалды.
Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өткізіліп жатқан бұл алғашқы спартакиада бағдарламасына баскетбол, волейбол, шағын футбол, тоғызқұмалақ, шахмат және үстел теннисі сынды спорт түрлері енгізілген.
Жарыс 15-20 сәуір аралығында өтеді