Құрметті соғыс және еңбек ардагерлері! Ардақты ағайын!
Сіздерді ел жүрегінен орын алған ең ұлы мереке – 9 мамыр – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Осыдан тура 80 жыл бұрын адамзат тарихындағы ең қасіретті соғыс жеңіспен аяқталып, әлемге бейбітшілік сыйланды. Бұл – батырларымыздың жанқияр ерлігі мен тыл еңбеккерлерінің ерен еңбегінің жемісі.
Жеңіс – әр отбасының жүрегінде сақталған қасиетті тарих, ұрпаққа үлгі болатын ұлы мұра.
Жеңістің 80 жылдығы – бұл – ұлттың рухын көтеретін, елге деген сүйіспеншілікті арттыратын айрықша жыл. Біз үшін бұл – ерлік пен елдікке тағзым ететін, бейбіт өмірдің бағасын сезінетін тарихи белес.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Сіздерге әрдайым ілтипатпен қарап, ардагерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуды, лайықты қолдауды басты міндеттердің бірі деп біледі. Біз өткенге тағзым ете отырып, болашаққа сеніммен қараймыз.
Осы бір мәртебелі мерекеде Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жүрекке тыныштық, өмірге шаттық тілеймін!
Жеңіс рухы әр жүректе жаңғырып, келер ұрпақта жалғасын таба берсін!
Құрметпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасы
Сатыбалды Дәулеталин