Қызылорда облысы кәсіподақтар орталығында еңбек заңнамасындағы өзгерістер мен олардың тәжірибеде қолданылуы бойынша семинар оқыту өтті.
Қазақстан Республикасының жалпы құқықтық оқыту жобасы аясында семинарға ұйым белсенділері, жаңадан қосылған бастауыш кәсіпорын мүшелері қатысты. Аумақтық кәсіподақ бірлестігі төрағасының орынбасары Марат Бәйімбетов Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасындағы өзгерістерден бөлек, ұжымдық шарт ережелері бойынша білімдерін арттыру қажеттілігін атап өтті.
Семинар барысында аумақтық кәсіподақ бірлестігінің бас маманы Майра Боранбаева жаңадан қосылған бастауыш кәсіподақ ұйымының мамандарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Еңбек даулары мен жанжалдарын шешу тәртібін оңайлату мәселелері, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері, соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнаманы қолданудың мәселелерін шешу, сондай-ақ басқа да өзгерістер жайлы айтылды.
Алдағы уақытта аумақтық кәсіподақ бірлестігі алаңында жоспарға сәйкес семинар-оқытулар жалғасын табатын болады.