Жұмысшы мамандықтар жылына, Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығына және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының 35 жылдығына орай, Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығының қызметкерлері аудандардағы еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізіп бастады.
Бұл жолы Жамбыл облыстық кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Бақтияр Қараулов Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов аудандық электр жүйесі жұмысшыларлымен кездеcті.
Облыстық кәсіподақтар орталығы тарапынан ұйымдастырылған кездесулерде Бақтияр Сайлаубекұлы еліміздегі кәсіподақ ұйымдарының бүгінде атқарып отырған жұмыстарын жан-жақты айтып берді.
«Бүгінде обылстық кәсіподақтар орталығың ұйытқы болуымен Жамбыл облысының барлық аудандарда бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен кездесулер ұйымдастырылуда. Аталған кездесулердің мақсаты – еңбек ұжымдарындағы көтерілген әлеуметтік, еңбек мәселелерін зерделеп және оларды шешу үшін оңтайлы шаралар қабылдауға ықпал ету болып отыр» – деді Бақтияр Қараулов.
Сонымен қатар, Б.Қараулов еңбек қауіпсіздігі бағытында бірқатар мәселелерге де тоқталды. Айтар болсақ өткен біздің облыста өткен жылы 51 өндірістік жарақаттану орын алып, онда 55 жұмысшы зардап шегіп, 7 адам қаза болған. Ал, биылғы жылдың 1 тоқсанында 10 өндірістік жарақаттар тіркеліп, онда 12 жұмысшы зардап шегіп, 3 адам қаза болған.
Бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысшылары жұмыс берушінің міндеттері, кәсіподақ ұйымының жұмысы және басқа да сұрақтар қойды. Қойылған сұрақтар бойынша кәсіподақ басшылығы тарапынан тиісті жауаптар берілді.
Кәсіподақ мүшелері алдағы уақытта тағы да осындай кездесулердің ұйымдастырылуын ұсынды.