Құрметті байланыс және ақпараттандыру саласының ардақты қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ақпарат пен технологияның дәуірінде сіздердің атқарып отырған істеріңіз елдің тұрақты дамуы мен қоғам өмірінің барлық салаларына серпін беретін маңызды күшке айналды.
Байланыс саласы — мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, халық пен билік арасындағы сенімді көпірге айналған заманауи құралдардың тірегі.
Сіздер – қоғамның ақпараттық сауаттылығын арттырып, шынайы жаңалықтар мен маңызды деректерді жедел жеткізетін, сандық технологияларды дамытып, замана көшінен қалмай, елдің ілгерілеуіне үлес қосып келе жатқан білікті мамандарсыздар.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы сіздердің саладағы еңбектеріңізді жоғары бағалайды. Әрбір ұжымда әділеттілік пен Еңбек адамының құқығын қорғау жолында атқарып отырған жұмыстарыңыз үшін ризашылығымды білдіремін.
Осы мерейлі күні Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, кәсіби табыс, сарқылмас жігер мен жаңа жетістіктер тілеймін!
Еңбектеріңіз жана берсін, байланысымыз үзілмесін, ақпарат ағыны адал болсын!
Құрметпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясы
төрағасы Сатыбалды Дәулеталин