Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында кітапхана қызметкерлері марапатталды

Мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ төрайымы Светлана Иманқұлова Астана қаласының «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында ол кітапхана саласы мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың рухани-ағартушылық бағыттағы еңбектерінің маңыздылығын атап өтті.

Салалық кәсіподақ төрайымы өз сөзінде кітапханашылардың қоғамдағы рөлін жоғары бағалап, олардың білім мен мәдениетті насихаттаудағы еңбектеріне алғыс білдірді. Сондай-ақ, ол сала қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау бағытында кәсіподақ тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауларға тоқталды.

Іс-шара барысында еңбек үздіктері марапат табысталды. Атап айтқанда, Қазақстан Ұлттық кітапханасы атынан Г.М. Айтқалиеваға «Құрметті кітапханашы» төсбелгісі, С.Б. Иманбековаға «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгісі тапсырылды. Сондай-ақ, Салалық кәсіподақтың «Еңбек даңқы» төсбелгісімен Б.Б. Арыстанбеков пен М.К. Алибаева марапатталды.

Кездесу барысында «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің» директоры, кәсіподақ мүшесі Гүлбадан Мәдібаева сөз сөйлеп, салалық кәсіподақтың кітапхана қызметкерлерінің еңбек және әлеуметтік жағдайларын жақсартуға қосып отырған үлесін атап өтті. Ол кәсіподақтың қызметкерлердің құқықтарын қорғау және әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарына ризашылығын білдірді.

Мерекелік шара кітапхана қызметкерлерінің еңбегін бағалау мен олардың кәсіби дамуына қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды.