Медицина қызметкерлері өзара бақ сынасты

Орал қаласында медицина қызметкерлері арасында ашық қалалық спартакиада өтті. Ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнара Абдрахманова қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Спартакиада БҚО Денсаулық сақтау басқармасы, «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ-ның Батыс Қазақстан облысы филиалының ұйымдастыруымен өтті. Жарыстың төрешілік қызметін Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі мен “Орал” спорт клубы атқарды.

Аудандардан келген 15 команда құрамындағы 500-ге жуық медицина қызметкері жағажай волейболы, футбол, жеңіл атлетика, арқан тартыс, дартс және асық ату сияқты спорт түрлері бойынша бақ сынады.

Жеңімпаздар:
* 1 орын – Казталов-2 аудандық ауруханасының командасы – 100 000 теңге ақшалай сертификат
* 2 орын – Жаңақала аудандық ауруханасының командасы – 75 000 теңге ақшалай сертификат
* 3 орын – Қаратөбе аудандық ауруханасының командасы – 50 000 теңге ақшалай сертификат
* 4 орын – Сырым аудандық ауруханасының командасы – 25 000 теңге ақшалай сертификат

Жүлделі орын иелеріне кубоктар мен медальдар, дипломдар табысталды.