ҚР Кәсіподақтар федерациясы Төрағасының Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен құттықтауы

Құрметті мәдениет және өнер қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мәдениет – халықтың рухани байлығы мен ұлттық болмысының айнасы. Сіздердің еңбектеріңіз – ұрпақ санасына ізгілік пен ұлттың рухын сіңіретін, елдің мәдени әлеуетін арттыратын өлшеусіз құндылық.
Театр мен музыкада, музей мен кітапханада, шығармашылық ұжымдарда қызмет ететін барша азаматтар – қоғамның рухани тұғырына айналған жандар.
Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіз бен шабытты істеріңіз халықтың жүрегінен орын алып, еліміздің дамуына зор үлес қосып келеді. Мәдениет майталмандарының мәртебесі әрдайым биік болуға лайық.
Кәсіподақ қозғалысы сіздердің дауысыңыз естіліп, құқықтарыңыз қорғалып, еңбегіңіз әділ бағалануы үшін әрдайым қолдау білдіріп келеді.
Біз үшін шығармашыл азаматтардың лайықты өмір сүруі – тек әлеуметтік әділеттілік емес, бүкіл қоғамның мәдени өркендеуінің кепілі.
Сіздерге мықты денсаулық, сарқылмас шабыт, шығармашылық табыс және отбасы бақыты мен берекесін тілеймін!
Еңбектеріңіз жана берсін, өнерлеріңіз өрлей берсін!
Ізгі ниетпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы
Сатыбалды Дәулеталин