Кәсіподақ өкілдері еңбек ұжымдарымен кездесуде

Жұмысшы мамандықтар жылына, Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығына және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының 35 жылдығына орай, Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығының қызметкерлері аудандардағы еңбек ұжымдарымен кездесулері жалғасуда.


Бұл жолы Жамбыл облыстық кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Бақтияр Қараулов Жамбыл облысы, Меркі ауданыдағы “Меркі ірімшік заукыты” ЖШС-гі жұмысшыларлымен кездеcті.
Бүгінде бұл кәсіпорында 110 аса жұмысшы бар, барлығы да кәсіподақ мүшелігінде. Зауыт айран, ірімшік, сүзбе, сары май және тағы да басқа өнімдер өндіруде, тәулігіне 40 тоннадан аса өнім өнділіреді.


Облыстық кәсіподақтар орталығы тарапынан ұйымдастырылған кездесулерде Бақтияр Сайлаубекұлы еліміздегі кәсіподақ ұйымдарының бүгінде атқарып отырған жұмыстарын жан-жақты айтып берді.
«Бүгінде обылстық кәсіподақтар орталығың ұйытқы болуымен Жамбыл облысының барлық аудандарда бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен кездесулер ұйымдастырылуда. Аталған кездесулердің мақсаты – еңбек ұжымдарындағы көтерілген әлеуметтік, еңбек мәселелерін зерделеп және оларды шешу үшін оңтайлы шаралар қабылдауға ықпал ету болып отыр» – деді Б.Қараулов.


Сонымен қатар, Б.Қараулов еңбек қауіпсіздігі бағытында бірқатар мәселелерге де тоқталды. Айтар болсақ өткен біздің облыста өткен жылы 51 өндірістік жарақаттану орын алып, онда 55 жұмысшы зардап шегіп, 7 адам қаза болған. Ал, биылғы жылдың 1 тоқсанында 10 өндірістік жарақаттар тіркеліп, онда 12 жұмысшы зардап шегіп, 3 адам қаза болған.
Бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысшылары жұмыс берушінің міндеттері, кәсіподақ ұйымының жұмысы және басқа да сұрақтар қойды. Қойылған сұрақтар бойынша кәсіподақ басшылығы тарапынан тиісті жауаптар берілді.

Кәсіподақ мүшелері алдағы уақытта тағы да осындай кездесулердің ұйымдастырылуын ұсынды.