Қызылорда қаласында әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үш жақты комиссияның кезекті отырысы өтті. Іс-шара қала әкімдігінің мәжіліс залында ұйымдастырылды.
Комиссия отырысына Қызылорда облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бас маманы Майра Боранбаева, сондай-ақ облыстық салалық кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты.
Отырыстың күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды: келіссөз жүргізу дағдыларын дамыту, жұмыс берушілер мен жұмыскерлер үшін еңбек заңнамасының негізгі қағидаттарын түсіндіру, еңбек даулары туындаған жағдайда келісімге қол жеткізу бағытында бірлескен семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру; міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде туындап отырған проблемалық мәселелер; еңбек қатынастары, соның ішінде ұжымдық даулар мен әлеуметтік төлемдерге қатысты мәселелер.
Аталған мәселелер бойынша Қызылорда облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бас маманы М. Боранбаева сөз сөйлеп, әлеуметтік әріптестер арасында 2024–2026 жылдарға арналған Қалалық келісім аясында оқу семинарларын өткізу жоспарланғанын атап өтті.
Сонымен қатар, еңбек дауларын болдырмау және әлеуметтік-еңбек жанжалдарының алдын алу мақсатында жұмыскерлер мен жұмыс берушілерге еңбек заңнамасының негізгі ережелерін түсіндіру, келіссөз жүргізу дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ жанжал туындаған жағдайда өзара тиімді келісімге қол жеткізуге бағытталған бірлескен семинарлар мен тренингтердің маңыздылығы айтылды.