ҚР Кәсіподақтар федерациясы Төрағасының БАҚ қызметкерлері күнімен құттықтауы

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Байланыс және ақпарат саласы қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздер жауапкершілігі аса жоғары салада тер төгіп жүрсіздер. Қоғамның тыныс-тіршілігін тамыршыдай дөп басып, ел мен елді, халық пен билікті жалғайтын алтын көпір – Сіздерсіздер.
Әрбір жариялаған ақпарат арқылы сананы серпілтіп, шындықтың шырағын жағып келесіздер. Бұл – оңай жол емес, бұл – жүректен бастау алатын үлкен жауапкершілік пен адалдықтың жолы.

Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз, азаматтық ұстанымдарыңыз, әділет пен шындық жолындағы ізденістеріңіз – еліміздің өркениетті дамуына қосылған қомақты үлес. Әсіресе, Еңбек адамының үні мен мүддесін биік мінберден жеткізіп, кәсіподақ қозғалысының өрісін кеңейтуге қосып отырған үлестеріңіз үшін зор алғысымызды білдіреміз.

Сөз киесін қадірлеп, шындықты ту еткен Сіздерге шығармашылық шабыт, сергек сана, сарқылмас қуат тілейміз!

Қаламдарыңыз мұқалмасын, абыройларыңыз асқақ болсын! Әрбір сөздеріңіз жұрттың жүрегіне жетіп, жұртшылықтың үніне айнала берсін!
Отбасыларыңызда береке – бірлік таусылмасын!

Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының
төрағасы Сатыбалды Дәулеталин