“Съезд делегаты”: Олжас Ізмағамбетов – QAZMED медицина және сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағының делегаты

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының XXVII Съезінің делегаты – «QAZMED» РҚБ атқарушы комитетінің мүшесі, қоғам белсендісі, еңбек ұжымының мүддесін қорғайтын білікті кәсіподақ жетекшісі Ізмағамбетов Олжас Аябекұлы.

Ол 2019 жылдан бастап «QAZMED медицина және сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің құрамында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне қарасты «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қызылорда облысы бойынша филиалындағы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы қызметін атқарып келеді.

Оның басшылығымен кәсіподақ ұйымы қызметкерлердің құқықтары мен еңбек жағдайларын қорғау бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Бастауыш кәсіподақ ұйымында бүгінде 348 мүше тіркелген, бұл – филиал қызметкерлерінің кәсіподаққа деген сенімі мен ынтымақтастығының айғағы.

Кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін Олжас Аябекұлы бірқатар марапаттарға ие болды. Атап айтқанда: «QAZMED» салалық кәсіподағының “Белсенді қоғамдық қызметі үшін” медалімен, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Алғыс хатымен және Құрмет грамотасымен, «Кәсіподақтардағы белсенді жұмысы үшін» медалімен марапатталған.

Оның кәсібилігі, ұйымдастырушылық қабілеті және еңбек адамдарының құқықтарын қорғаудағы табандылығы еліміздің кәсіподақ жүйесінде лайықты орын алатынын көрсетеді.

Кәсіподақ саласындағы тәжірибесі мен табысты еңбегі ескеріліп, Ізмағамбетов Олжас Аябекұлы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының кезекті ХХVII съезіне делегат ретінде сайланды.