Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының XXVII Съезд делегаттары Қарар қабылдады

Біз, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының                    XXVII съезінің делегаттары, экономика мен бюджеттік саланың барлық салаларында еңбек ететін екі миллион жұмысшының мүдделерін білдіре отырып, мәлімдейміз:

Кәсіптік одақтар – қазақстандық қоғамның ажырамас бөлігі, олардың қызметінің негізгі қағидаттары – әрқашан және әрдайым еңбеккерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылады. Еңбек адамы – қоғамымыздың басты құндылығы.

Саяси партиялармен, өзге де қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдармен қатар, кәсіподақтар еңбеккерлер игілігі үшін жүргізілетін прогрессивті өзгерістерге ерекше жауапкершілікпен қарайды.

Біз Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді түбегейлі жаңғыртуға, саяси реформалар мен әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге бағытталған стратегиялық бағытын қолдаймыз.

Әлеуметтік салада орын алған оң өзгерістер, сөзсіз, кәсіподақтардың өкілдік және атқарушы билік органдарымен, сондай-ақ жұмыс берушілермен жүргізген сындарлы әрекеттестігінің нәтижесі болды.

«Еститін мемлекет» тұжырымдамасы – қоғамдық диалогты дамыту мен әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстың сөзсіз басымдығы болып табылады.

Кәсіподақ қозғалысы бұл тұжырымдаманы іске асыруға белсенді түрде қатысып, ашықтық қағидаттарын, «кері байланыс» арналарының дамуын және билік пен қоғам арасындағы тұрақты өзара әрекеттестікті ілгерілетуде.

Кәсіподақтар Президенттің 2025 жылды Еңбек мамандықтары жылы деп жариялауын ерекше қанағатпен қабылдады. Бұл бастама – жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеруге, еңбекқорлық пен кәсібилік идеясын ілгерілетуге, еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыруға бағытталған маңызды қадам.

Осы жылы Мемлекет басшысы кәсіби білім беру жүйесін дамытуға, жаңа деңгейдегі біліктілік қалыптастыруға және жұмысшы мамандықтарын қолдауға, еңбек нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етіп, экономиканың өнімділігін арттыруға ерекше назар аударды. Сондай-ақ әлеуметтік төлемдер жүйесін жетілдіру мен әйелдердің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Съезд делегаттары Президент айқындаған міндеттерді іске асыру Қазақстан азаматтарының өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік беретініне сенімді.

Әлеуметтік-экономикалық дамудың көптеген мәселелерінің шешімі қоғамның материалдық негізін құрайтын күші, білімі, тәжірибесі мен шеберлігі еңбек адамына деген қоғамның көзқарасына тікелей байланысты.

Елімізде еңбекке лайықты жағдай жасау тұжырымдамасының қағидаттарын ілгерілету бойынша ұлттық заңнаманы жетілдіру және халықаралық нормаларды енгізу арқылы жүйелі шаралар қабылдануда.

XXVII Съездің басты үндеуі – «Өзгерістер дәуіріндегі әділ еңбек: қорғау, даму, инновациялар» Мемлекет басшысының әділеттілікті қамтамасыз ету және «Әділетті Қазақстан» қағидатын іске асыру туралы негізгі тұжырымымен үндеседі.

Азаматтарды ортақ мақсаттар төңірегінде біріктіре отырып, Кәсіподақтар елдің жаңғыруына елеулі үлес қосып келеді.

 Біз «Таза Қазақстан» стратегиясының құндылықтарын қолдаймыз және оны әртүрлі салаларда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған идеяларын бірізді түрде іске асырып келеміз.
         Біз экономиканың субъектілерінің экологиялық жауапкершілігін арттыру және қоршаған ортаны сақтау бағытында шаралар қабылдауға және жұмыс атқаруға дайынбыз.

Адам Еңбегі құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы еліміздегі ең ірі қоғамдық ұйым ретінде Кәсіподақтар федерациясы барлық жұмыс берушілерді еңбеккерлердің өмір сүру сапасын арттыруға, экономикалық және әлеуметтік қорғауға, адами капиталды жан-жақты әрі сапалы дамытуға күш біріктіруге шақырады.

Біз жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері мен жұмыс берушілерді Президенттің жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеруге бағытталған әлеуметтік бастамаларын қолдауға шақырамыз. Бұл – ұжымдық шарттарға еңбекақыны индекстеу, еңбек жағдайларын жақсарту, әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктерді кеңейту бөлігінде өзгерістер енгізу арқылы жүзеге асады. Мұндай қадам қоғам, еңбек ұжымдары алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті көрсетіп, еліміздегі қоғамдық тұрақтылық пен әл-ауқаттың негізіне айналады.

Біз «Заң және тәртіп» қағидатын бұлжытпай сақтауды қолдаймыз және еңбек қатынастарын ұйымдастыру мен еңбеккерлердің құқықтарын қорғауға байланысты кез келген мәселелерді шешу барысында жұмыс берушілер мен жұмыскерлерді заң талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз.

Әлеуметтік-еңбек мәселелерін шешудегі өзара түсіністік пен әріптестік – Мемлекет басшысы көтерген бастамаларды жүзеге асырудың кепілі. Бұл аса маңызды іске азаматтық қоғамның, әлеуметтік әріптестіктің барлық тараптарының және әрқайсымыздың бірлескен күш-жігеріміз өлшеусіз маңызға ие.

 

Қазақстан Республикасы

 Кәсіподақтар федерациясының

 XXVII съезінде қабылданды
2025 жылғы 11 шілде