ҚР Кәсіподақтар федерациясы Төрағасының Металлургтер күнімен құттықтауы

Құрметті металлургия саласының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Металлургтер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіз – еліміздің индустриялық қуатын арттырып, экономикалық дамуына зор үлес қосып келеді. Сапалы металл – заманауи өндірістің іргетасы, ел дамуының берік тірегі. Ал сол металлды балқытқан, жан-тәнімен еңбек етіп жүрген сіздердің еңбектеріңіз – ерлікке пара-пар.
Металлургия – жоғары жауапкершілік пен кәсіби шеберлікті, төзімділік пен табандылықты талап ететін сала. Сіздердің шеберліктеріңіз, қажырлы еңбектеріңіз өндірістің сапасын арттырып қана қоймай, отбасыларыңыздың, өңірлеріңіздің, бүкіл еліміздің өркендеуіне негіз болуда.
Кәсіподақтар қозғалысы әрдайым сіздердің еңбек құқықтарыңызды қорғап, қауіпсіз әрі лайықты еңбек жағдайын қамтамасыз ету үшін бар күшін салып келеді. Біздің басты мақсатымыз – әр жұмысшының өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Осы айтулы күні Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қажырлы еңбектеріңізге табыс тілеймін! Еңбектеріңіздің жемісі мол, әр күндеріңіз қуаныш пен шабытқа толы болсын!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы
С.Дәулеталин