Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы жанындағы заң клиникасында құқықтық кеңес беру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Кәсіподақ мүшелері үшін ұйымдастырылған қабылдаулар барысында білікті мамандар еңбек адамдарының құқықтарын қорғау тәртібі, келісу комиссиясының қызметі және еңбек дауларын шешу жолдары жөнінде жан-жақты кеңестер беруде.
Сонымен қатар, кеңес алушыларға Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексіне» енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулар түсінікті әрі қолжетімді тілде баяндалып, мазмұнды ақпарат ұсынылды. Кеңеске жүгінген азаматтар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, нақты әрі толық жауаптарын алып отыр.
Бұдан бөлек, Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы жанынан құрылған «Татуластыру орталығының» кәсіби медиаторларынан еңбек дауларына қатысты тегін құқықтық көмек алу мүмкіндігі туралы да кеңінен ақпарат берілді.
Кәсіподақ мүшелерінің құқықтық сауаттылығын арттыруды көздеген бұл жұмыс алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.