Қоғамдық қабылдау жүргізілді

«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінде қоғамдық қабылдау өтті. Қабылдауды бірлестік төрағасының орынбасары Айдар Бахтыбаев жүргізді.

Қабылдау барысында кәсіподақ мүшесіне еңбек қатынастарына байланысты құқықтық түсіндірме берілді. Азамат жұмысқа қабылдау, еңбек шартының талаптары, жұмыс уақыты мен еңбекақы, сондай-ақ еңбек шартын бұзу мен жалақы төлеу мәселелері бойынша сұрақтарын қойды.

Айдар Бахтыбаев кәсіподақ мүшесіне еңбек заңнамасының негізгі нормаларын түсіндіріп, оның құқықтары мен міндеттерін нақтылады. Сонымен қатар, еңбек дауларының шешу жолдары мен келісу комиссиясының мүмкіндіктері туралы кеңес берді. Әрбір қызметкердің өз еңбек құқығын қорғау жолында кәсіподақтың құқықтық қолдау көрсету тетіктері де жан-жақты айтылды.

Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және еңбек қатынастарындағы мәселелерді тиімді шешу – кәсіподақ жұмысының басым бағыттарының бірі. Мұндай қоғамдық қабылдаулар еңбек адамын қорғауда кәсіподақтың маңызды рөлін айқындайды.